Қазақстанның екі облысында республикалық маңызы бар автожолдардың екі учаскесі жабылды

Боран мен жолдың дұрыс көрінбеуінен екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында - 1 учаске:
- "Щучинск-Зеренді" 0-77-шақырым, Щучинск қ. - Зеренді а. аралығына - 77-шақырым.
Жетісу облысында - 1 учаске :
- "Үшарал-Достық" 84-184-шақырым, Көктұма ст.-Достық ст. дейін – 100-шақырым;
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
"Республикалық маңызы бар күре жолдарда 302 бірлік техника және 441 адам жұмылдырылды"."ҚазАвтоЖол"
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript