Ақтау тұрғынын әуелі тұншықтырып, кейін ұрған: оқиға куәгерлері көмекке ұмтылмады
Сурет: pixabay
Ақтау тұрғынына 3 қаңтар күні 32-шағын аудандағы 25-үйдің жанындағы алаңқайда бейтаныс адам шабуыл жасаған. Маңғыстау облысының полицейлері күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шабуыл жасаған күдікті ұсталды, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқиға туралы жәбірленушінің әпкесі айтып берді:
"Менің сіңлім 34-шағын ауданға жұмысқа жаяу бара жатқан, оның артынан шабуыл жасап, тұншықтырып, ұрған, ол бар күшімен айқайлап, көмекке шақырған".
Ақтау тұрғынын оқиғаны көргендер болғанымен, айналадағы ешкімнің көмектесуге тырыспағаны таңдандырған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript