Қазақстанда халық саны туралы жаңа мәліметтер жарияланды

Қазақстанда халық саны туралы жаңа мәліметтер жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2024 18:32 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросы бүгін, 5 қаңтарда Қазақстан халқы туралы нақтыланған деректерді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бюро ақпаратында 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 014 575 адам болғаны айтылған. Оның ішінде:

қала халқы – 12 431 220 адам,

ауыл тұрғындары – 7 583 355 адам.

"2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға өсті. Оның ішінде табиғи өсім есебінен 239 422 адамға, көші-қон есебінен 8 346 адамға өсті", - делінген Ұлттық статистика бюросының Telegram-каналында жарияланған хабарламада.

Статистиктер халық санының ең жоғары өсу қарқыны мына аймақтарда тіркелгенін атап өтті:

Астана – 5,11%,

Алматы – 2,82%,

Маңғыстау облысы – 2,4%.

2023 жылдың 16 қарашасында Қасым-Жомарт Тоқаев 20 миллионыншы қазақстандық дүниеге келгенін хабарлады. Кейін Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғынын қалай анықтағанын түсіндірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: