Абай облысында бензин цистернасы өртенді

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2024 14:16 Сурет: polisia.kz
5 қаңтар күні кешке Аягөз аудандық полиция бөліміне 42 жастағы жергілікті тұрғыннан Ақтоғай ауылында КамАЗ автоцистернасының өртенгені туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлйды Zakon.kz.

Қауіпті аймақ қоршауға алынып, жақын маңдағы үйлердің 52 тұрғыны эвакуацияланды, оның 20-сы балалар. Жанармай цистернасында 20 тонна жанармай болған, сондықтан цистернаның жарылу қаупі бар екені анықталды.

Сурет: polisia.kz

Жанармай құйылған автоцистернаның өртін сөндіру үшін көбік шашылды.

Сурет: polisia.kz

Өрт сағат 20:30-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: