Қаңтарда Алматы облысының тауларында бәйшешек гүлдеді

Қаңтарда Алматы облысының тауларында бәйшешек гүлдеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2024 17:30 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының Талғар ауданында бәйшешек қаңтар айында гүлдеп қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бәйшешектің фотосы Instagram-дағы "talgar_v_kadre" парақшасында жарияланды.

"Әуелі спирт зауытынан Рысқұловқа дейін шатқалды жағалап жүрдік. Кейін тау жотасына келіп, қырды араладық. Шатқалда да, тауда да бәйшешек гүлдеп тұр. Аз мөлшерде деп айта алмаймын", - делінген хабарламада.


Пайдаланушылар таңғалып, пікірін қалдырып жатыр. 

Дәл осындай ерекше құбылыс 2023 жылдың 3 желтоқсанында да хабарланған еді. Сол кезде де Алматы тауларында бәйшешек гүлдеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: