Балқаш көліндегі мұз үстінде қалып қойған балықшылар құтқарылды

Балқаш көліндегі мұз үстінде қалып қойған балықшылар құтқарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2024 13:14 Сурет: Zakon.kz
12 қаңтарда сағат 17:00-де Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Балқаш көліндегі мұз айдынында 3 балықшы мұздың үстінде қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Сағат 20:30-да жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мұз айдынына жетіп, 3 балықшыны қайық бортына салып алып, жағаға тасымалдады. Сонымен қатар жолда құтқарушылар мұздың жарылуына байланысты жағаға жете алмай қалған тағы бір балықшыны тауып алды.

Осы оқиғаға байланысты ТЖМ мыналарды еске салды:

  • өтуге арналған мұздың қауіпсіз қалыңдығы кем дегенде 10 см болуы керек;
  • қардың қалың қабатымен жабылған қауіпті жерлерді айналып өту керек;
  • бұрын жүрген жолдарды пайдалану керек;
  • мұз үстінен топпен өту кезінде бір-бірінен 5-6 метр қашықта жүру керек;
  • балық аулау кезінде шектеулі аумақта бірнеше тесік тесіп, үлкен топ болып жиналуға болмайды;
  • әр балықшының жеке құтқару құралы (жилет, белбеу және т.б.) болуы қажет.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: