Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2024 20:16 Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Батыс Қазақстан облысында 7 учаске

1. "Орал-Тасқала-РФ шек." 4-104 км, Орал қ. - РФ шек. - 100 км.

2. "Самара-Шымкент" 195-251 км, РФ шек.-Орал қ. – 56 км.

3.. "Самара-Шымкент" 261-393 км, Подстепное к. - Жымпиты к. – 132 км.

4. "Атырау-Орал" 189-492 км, Атырау обл. шек-Орал қ. – 303 км.

5. "Орал-Теплое" 5-33 км, Орал қ.- РФ шек. - 28 км.

6. "Подстепное-Федоровка-РФ шек." 0-36 км, Подстепное к.-Федоровка а. - 36 км.

7. "Жайық өзені арқылы өтетін көпір өткелі" 0-14 км, Подстепное к.-Құс фабрикасы – 14 км.

Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.

Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 765 техника және 1452 адам жұмылды.


"Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! 17 қаңтар сағат 18.00-дегі ахуалға сай, ауа-райының қолайсыздығы салдарынан 1 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: