Синоптиктер сегіз өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түседі.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні - 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында екпіні 15-20 м/с болады.
Шымкентте таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман.