Тележүргізуші Владимир Рерих өмірден өтті

Владимир Рерих, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2024 12:04 Сурет: forbes
"Хабар" агенттігінің бұрынғы бас директоры Владимир Рерих 66 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұны марқұмның бұрынғы әйелі Дана Нұржігіт растады.

Владимир Рерих Талдықорғанда дүниеге келген. 1987-1994 жылдары "Советтік Қазақстан" киножурналында режиссердің көмекшісі, редактор болып жұмыс істеді.

Одан кейін "Қазақфильм" киностудиясында түрлі қызмет атқарды.

1996-2003 жылдары "Хабар" агенттігінде жұмыс істесе, 2006-2011 жылдар аралығында Еуразиялық медиа форумның бас продюсері болды.

Ол сондай-ақ Хабар арнасындағы "Поздний Рерих" телебағдарламасының авторы және жүргізушісі болды.

2012 жылы Рерих Германияға көшті. Ол кейінгі кезде YouTube-тегі өзінің авторлық жобасымен айналысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: