Алматыдағы жер сілкінісі: дүмпу 5 балл болып сезілген

жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2024 00:42 Сурет: Zakon.kz
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмикалық стансалар желісінің мәліметі бойынша, жер сілкінісі 2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 00:09-да болды.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 15,1. Магнитудасы MPV 6.7.

MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі - 5 балл, ал Шымкент 2 балл болып сезілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: