Мәжіліс депутаты Динара Шүкіжанова өкілетін тоқтатты

Динара Шүкіжанова, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2024 20:31 Сурет: instagram/dinarashukizhanova
Respublica партиясынан сайланған депутат Динара Шүкіжанова ҚР Парламенті Мәжілісінен кетеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының сайтында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Аманжелқызы Шүкіжанованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін", - делінген ОСК қаулысында.

Осыған байланысты оның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.

Динара Шүкіжанова Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: