ШҚО-да бомба туралы жалған хабар берген оқушының ата-анасына айыппұл салынды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2024 12:52 Сурет: polisia.kz
ШҚО-да жасөспірім полицияға қоңырау шалып, мектепке бомба салынғаны туралы хабарлаған. Абоненттік нөмірдің иесі 12 жастағы орта мектеп оқушысы болып шықты. Оның телефонынан сыныптасы танымал әлеуметтік желілердегі трендті қайталағысы келіп, полицияға хабарласқан.

Қазіргі уақытта балаға қатысты материал кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссияның қарауына берілді.

Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ата-аналарға әкімшілік айыппұл салынады.

Полиция департаменті қоғамдық резонанс пен ықтимал салдарын ескере отырып, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те көзделгенін ескертті.

Баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: