Жаңалықтар тізбегі
0

Смайылов пен Жапаров Қазақстан мен Қырғызстанның су саласындағы ынтымақтастығын талқылады

Смайылов, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2024 17:09 Сурет: primeminister.kz
Премьер-министр Әлихан Смайылов Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровпен келіссөз жүргізді. Кездесу Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы қарсаңында өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, Қырғызстан – еліміздің стратегиялық әріптесі және бауырлас мемлекет.

"Мемлекет басшыларымыздың саяси ерік-жігерінің арқасында бүгінде қазақ-қырғыз қатынастары өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейіне шықты".  Әлихан Смайылов

Сонымен қатар Үкімет басшысы елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Былтырғы тек 11 айда өзара сауда 12%-ға өсіп, $1,3 млрд-қа жетті. Оған қоса Қазақстан мен Қырғызстан арадағы тауар айналымының көлемін $2 млрд-қа жеткізу жұмысын жалғастырып жатыр.

"Бұған Үкіметаралық кеңес және Өңіраралық ынтымақтастық форумы сияқты екіжақты ынтымақтастық тетіктерінің тиімді жұмысы ықпал етуде. Қазақстан Үкіметі әрі қарай да бүкіл бағыт бойынша қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігін қолдауға дайын". Әлихан Смайылов

Өз кезегінде Ақылбек Жапаров Қырғызстан мен Қазақстанның қазіргі қарым-қатынасы арадағы саяси диалогтың жоғары деңгейінің дәлелі екенін атап өтті.

"Жыл сайын өзара сауда-саттық пен инвестициялар көлемі артып, іскерлік, ғылыми және мәдени байланыстар жанданып жатыр. Үкіметаралық кеңес аясында қырғыз-қазақ ынтымақтастығының ортақ стратегиялық мақсаттары, тұжырымдамалық тәсілдері мен ұзақ мерзімді даму бағыттары талқыланып жатыр. Екі ел арасындағы белсенді өзара іс-қимыл түрлі алаңдарда жүзеге асып жатыр", - деді ол. 

Ақылбек Жапаров қырғыз тарапының өзара сенім мен түсіністікке негізделген Қазақстанмен арадағы одақтастық қатынастарды одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті.

Кездесу барысында үкімет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде сауда-экономикалық және мұнай-газ салаларындағы мәселелердің кең ауқымын қарастырды.

Сонымен қатар тараптар қысқа мерзімде қазақ-қырғыз шекарасында жүк көлігі үшін қосымша өткізу бекетін ашу мәселесін пысықтауға, сондай-ақ су-энергетика саласындағы өзара іс-қимылды күшейтуге келісті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: