Шымкентте құбырдағы апат салдарынан 1500 үй газсыз отыр
Сурет: видео скрині
2024 жылғы 3 ақпанда сағат 21:45-те Шымкенттегі Мәртөбе елді мекенінде Ду-325 мм жоғары қысымды газ құбырынан табиғи газдың шығыны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шымкент әкімдігінің хабарлауынша, апат салдарынан 1500 жеке газ тұтынушы мен 7 өндірістік кәсіпорынға уақытша газ беру тоқтатылды.
Әкімдік қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы техникалар мен 30 қол күші жұмылдырылып, жұмыс қарқынды түрде жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Қайта қосу жұмыстары қосымша хабарланады. Сіздерден газ крандарының жабық болуын қадағалауларыңызды сұраймыз. Газдың иісі байқалған жағдайда 104 апаттық қызметіне хабарласыңыздар!" Шымкент әкімдігі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript