Қазақстан әлеуметтік прогресс индексіндегі позициясын жақсартты
Еліміздің жалпы көрсеткіші 69,73 балл болды. Бұл орташа әлемдік деңгейден жоғары, яғни 63,44 балл, деп жазды ҚР Экономикалық зерттеулер институты.
Рейтингтегі алғашқы үш орынды Дания, Норвегия және Финляндия иеленді.
Қазақстан Катар (65-орын), Вьетнам (66-орын), Мексика (69-орын), Перу (73-орын), Ресей (76-орын), Қытай (77-орын), Өзбекстан (81-орын), Түркия (85-орын), Қырғызстан (86-орын) сияқты елдерді басып озды.
12 құрамдас бөліктің 6 компонентінде жақсару болды. Ал қалған 6 компонентте нашарлау көрсеткіші байқалды. Қазақстан орта білім берудегі гендерлік теңдік, электр қуатына қолжетімділік және ұялы байланыс абоненттерінің саны бойынша көш бастап тұр.
Қазақстанның бәсекелестік артықшылығы – балалардың орта мектептегі үлгерімі (6-орын), онлайн үкіметке қолжетімділік (15-орын), білімді адамдар саны (26-орын), интернетті пайдаланушылар саны (26-орын).
Ел шикізатты қайта өңдеу (164-орын), бейбіт жиналыстар еркіндігі (144-орын) және 60 жастың өмір сүру ұзақтығы (130-орын) бойынша әлсіз позицияларды иеленді.
2023 жылғы зерттеу жалпы 61 елде денсаулық, құқық, сөз еркіндігі, ақпарат пен коммуникация салаларындағы құлдыраумен байланысты әлеуметтік прогрестің айтарлықтай құлдырауын бастан өткерді.