Ермек Маржықпаев - туризм және спорт министрі

Маржықпаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2024 19:58 Сурет: akorda
Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды", - делінген жарлықта.

1969 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген. 

С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттiк педагогикалық институтын, «Тұран» университетiн және Көкшетау университетiн бiтiрген.

Еңбек жолын 1991 жылы дене шынықтыру мұғалiмi болып бастаған.

1992-1993 жылдары — Ақмола облысы Бурабай кентiнің орта мектебінде мұғалім.

1993-1994 жылдары — «Шонай» ШЖК директоры.

1994-2008 жылдары — «Береке-Бурабай» ЖШС директоры.

2008-2012 жылдары — Ақмола облысы Аршалы ауданының әкiмi.

2012-2013 жылдары — Ақмола облысы Зерендi ауданының әкiмi.

2013-2014 жылдары — Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары.

2014-2015 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы.

2015-2019 жылдары — Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкiмi.

2019 жылғы наурыздан — Ақмола облысының әкiмi.

2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен туризм және спорт министрі болып тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: