Қазақстанның бес облысында жол жабылды

жол, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2024 21:23 Сурет: pixabay
6 ақпан сағат 18:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысында – 1 учаске:

  • "Самара-Шымкент" 776-965-км, "ЭКО Ойл" ЖҚС-Қарабұтақ к. – 189 км. 

Жетісу облысында – 1 учаске:

  • "Үшарал-Достық" 84-184-км, Көктұма ст.-Достық ст. – 100 км. 

Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске:

  • "Орал-Тасқала- РФ шекарасы" 4-104-км, Орал қ.-РФ шек. 100 км. 

Қостанай облысында – 1 учаске: 

  • "Жезқазған-Петропавл" 252-335-км, Ұлытау обл.шек – Арқалық қ. – 83 км. 

Ұлытау облысында – 1 учаске:

  • "Жезқазған-Петропавл" 137-252-км, Ұлытау к.-Қостанай обл. шек. – 115 км. 

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 769 бірлік техника және 1570 жолшы жұмылдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: