ТЖД Атырау облысының тұрғындарынан үрейленбеуді сұрады

ТЖД Атырау облысының тұрғындарынан үрейленбеуді сұрады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2024 09:37 Сурет: Атырау облысы ТЖД
Төтенше жағдайлар департаменті 9 ақпанда Атырау облысының Қызылкүгі ауданында Мұқыр және Сағыз ауылдары арқылы арықтың арнасын бойлай еріген судың ағып кеткенін хабарлады. Бірақ бұл - олардың мәліметі бойынша әдеттегі жағдай. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, қазір су деңгейі төмендеген. Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.


"Үрейленбеңіз және тек ресми деректерге сеніңіз!" – делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Бұған дейін БАҚ-та Атырау облысындағы ауылдарды су басу қаупі төніп тұрғаны туралы ақпарат жарияланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: