Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның бұрынғы cыртқы істер вице-министрі Асқар Мусинов қайтыс болды

Асқар Мусинов, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2024 10:13 Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанның бұрынғы cыртқы істер вице-министрі Асқар Мусинов 63 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы СІМ хабарлады.

"Мемлекет қайраткері, қазақтың көрнекті дипломаты, төтенше және өкілетті елші Асқар Мусинов 63 жасында кенеттен қайтыс болды. Ұзақ мерзімді дипломатиялық қызмет барысында ол Қазақстан Республикасының СІМ орталық аппаратында және шет елдердегі мекемелерінде өзі жетекшілік ететін жұмыстың барлық бағыттарында Қазақстанның мүдделерін тамаша қорғап, алға қойылған міндеттерді кәсіби түрде шешуде қабілеті мен терең білімін көрсете білді". Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Асқар Мусинов СІМ жауапты хатшысы және Сыртқы істер министрінің орынбасары ретінде ол Таяу Шығыс және Африка құрлығы елдерімен екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға, консулдық қызмет пен мемлекеттік протоколды дамытуға зор үлес қосты.

Ол Мысырдағы, Сауд Арабиясындағы, Біріккен Араб Әмірліктері мен Оңтүстік Африка Республикасындағы төтенше және өкілетті елші қызметін атқара жүріп, Қазақстан Республикасының мүдделерін кәсіби түрде ілгерілетіп, қорғады. Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы бас хатшысының ғылым және технология жөніндегі орынбасары және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының бас директоры ретінде қызмет етті.

"Дипломатиялық ортада ол өз Отанының нағыз патриоты, жоғары деңгейдегі дипломат және араб бағытындағы қазақ дипломатия мектебінің негізін қалаушылардың бірі ретінде танымал болды. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшылығы мен ұжымы Асқар Ахметұлының отбасы мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Кәсіпқой ірі азамат, мейірімді де жанашыр дос, парасатты тәлімгер, үлгілі отағасы, аса адал тұлғаның жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады", - делінген хабарламада.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: