Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен барды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2024 22:13 Сурет: akorda
Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен барды. Қазақстан Президентін Дохадағы "Хамад" халықаралық әуежайынан Қатар мемлекетінің әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Рәсім аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары әуежайдың мәртебелі меймандар залында қысқаша пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, 14 ақпан күні Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және Премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: