Астанада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары қашықтықтан оқытуға көшірілді
Сурет: unsplash
Астанада 2024 жылдың 14 ақпанында екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқытуға көшірілді. Оған ауа райының қолайсыздығы себеп, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы қалалық білім бөлімінен хабарлады.
"Ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылдың 14 ақпанында екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанның бірнеше облысындағы мектеп оқушылары қашықтықтан оқытуға көшкені хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript