Түркістан облысында жүргізуші куәлігін жасап беремін деп жалған уәде берген алаяқ анықталды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2024 21:09 Сурет: polisia.kz
Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында бұрын алаяқтық қылмысы бойынша сотты болып, мұны қайталаған 27 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, күдікті жігіт бейтаныс тұрғынның сеніміне кіріп, "жүргізуші куәлігіңді жасап беремін" деп жалған уәде берген.

Жәбірленушіден алдын ала 350 мың теңге ақшасын алып, байланысын үзген. 

Қазіргі таңда күдікті жігіт қамауға алынып, іс сотқа жолданды. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: