Жетісу облысында полиция бірқатар алаяқтыққа қатысы бар әйелді анықтады

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.02.2024 19:26 Сурет: polisia.kz
Текелі полицейлері бірқатар алаяқтық жасағаны үшін күдікке ілінген жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Әйел өзін банк қызметкері ретінде таныстырды. Азаматтардың сеніміне кіре отырып, ол ауылшаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие және өтеусіз мемлекеттік субсидия алуға өз көмегін ұсынған. Қазіргі уақытта, алаяқтың 13 құрбаны анықталды, жалпы шығын 5 миллионға жуық теңгені құрады". Текелі ҚПБ бастығының орынбасары Ернар Таңатаров

Текелі қаласындағы бірқатар алаяқтық туралы іс сотқа жолданды. Күдікті қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: