Алматыдағы Киров атындағы зауыттың акцияларын сату жөніндегі конкурс өткізілмейтін болды

зауыт, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2024 12:40 Сурет: freepik
Алматыдағы Киров атындағы "Машина құрастыру зауыты" АҚ акцияларын сату жөніндегі конкурс өткізілмейтін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі С.М.Киров атындағы "Машина жасау зауыты" АҚ-ның 100% жай акцияларын сату бойынша жарияланған конкурстың күшін жою туралы шешім қабылдады. Осыған орай,  28 ақпанда "Қазақстан инжиниринг" ҰК АҚ-на тапсырма жіберілді. Осылайша, сауда-саттық өткізілмейді". Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

Конкурстың өткізілмеуі "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 9 қаулысымен қабылданған зауыттың іске асырылуы бойынша шешімдерді жаңарту және нақтылау қажеттілігіне байланысты.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: