Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс төрағасы ресейлік әріптесіне Қазақстандағы реформалар туралы айтты

Қошанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2024 18:10 Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі
Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов бастаған депутаттар делегациясы Мәскеуге келді. Ресей астанасында Федералдық Жиналыс Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен және Федералдық Жиналыс Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесулер өтті.

Сапар барысында Ерлан Қошанов Мемлекеттік Думаның төрағасы Вячеслав Володинмен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Ол Ресей Қазақстан үшін әрдайым сенімді одақтас, стратегиялық әріптес, тату көрші екенін және солай болып қала беретінін атап өтті.

"Елдеріміз арасында сенімді саяси диалог жолға қойылған. Тығыз экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыс орнап, берік шарттық-құқықтық база қалыптасқан. Жыл өткен сайын бұл қарым-қатынастар тек нығайып келеді. Көшбасшыларымыз Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин оларды дамудың жаңа деңгейіне көтерді", - деді Мәжіліс спикері.
мәжіліс, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2024 18:10

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Ерлан Қошанов Мәжілістің Мемлекеттік Думамен өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға зор мән беретініне тоқталып, Вячеслав Володинді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Бүгінде екі ел парламентшілері достық топтары, әртүрлі халықаралық және аймақтық ұйым аясында белсенді ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Заң шығару мәселелері бойынша тәжірибе алмасады. Мәжіліс спикері Ресей мен Қазақстан шекарасындағы отандық жүк тасымалдаушылардың проблемаларын жедел шешу Парламент депутаттары арасындағы өзара іс-қимылдың нақты нәтижелерінің бірі екенін айтты.

мәжіліс, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2024 18:10

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Сондай-ақ төраға өңіраралық және экономикалық байланыстың келешегі жөнінде сөз қозғады. Әлемдегі ең ұзақ шекара Қазақстан мен Ресей арасында екенін, Қазақстанның 8 облысы Ресейдің 12 аймағымен шектесетінін атап өтті. Тауар айналымының шамамен 70 пайызы өңіраралық және шекаралық саудаға тиесілі. Мұнда да сауда қатынастарын кеңейту мен өндірістік кооперацияны нығайту үшін әлеует зор.

Сонымен қатар спикерлер мәдениет пен білім беру саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударды. Ерлан Қошанов бүгінде Қазақстанда ресейлік жоғары оқу орындарының алты филиалы жұмыс істейтінін айтты.

мәжіліс, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2024 18:10

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

"Кейінгі жылдары бізде инженерлік-техникалық саладағы мамандарға сұраныс жоғары. Сондықтан Мемлекет басшысы елімізде техникалық мамандықтар бойынша шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуды тапсырды. Бұл тұрғыда біз жетекші ресейлік жоғары оқу орындарымен жұмыс істеуге ниеттіміз, - деді Мәжіліс төрағасы.

Кездесуді қорытындылай келе депутаттар парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту және екіжақты қарым-қатынасты нығайту жөніндегі жұмысты арттыру туралы уағдаласты.

мәжіліс, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2024 18:10

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Сондай-ақ ресми сапар аясында Мәжіліс спикері Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті.

Ерлан Қошанов әріптесіне Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстандағы маңызды өзгерістер туралы айтты.

"Былтыр өткен конституциялық реформаға байланысты заңнамамызды айтарлықтай жаңарттық. Біз еліміздің конституциялық заңдарына бірқатар маңызды түзету енгіздік. Мәжіліс алғашқылардың бірі болып "Ұлттық қор – балаларға" заңын қабылдады. Ол заң қазір қолданыста. Жаңа Бюджет, Салық, Су, Құрылыс кодекстерімен жұмыс басталды", - деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс спикері ресейлік сенаторларға күзде Санкт-Петербургте өтетін Төртінші Еуразиялық әйелдер форумына табыс тіледі.

мәжіліс, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2024 18:10

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Өз кезегінде Валентина Матвиенко Қазақстан мен Ресей парламенттерін барлық мәселе бойынша берік достық пен өзара түсіністік байланыстыратынын атап өтті. Федералдық жиналыс басшысы Қазақстан депутаттарының заңнамалық бастамаларына қолдау білдіріп, осы бағытта белсенді түрде тәжірибе алмасуды ұсынды.

Мәжіліс төрағасының ресми сапары одан әрі Казань қаласында жалғасады. Онда Ерлан Қошанов Татарстан Республикасының басшысы Рустам Миннихановпен және Республика Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездесулер өткізеді. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: