Тұман, көктайғақ, бұрқасын: 5 наурызда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2024 20:11 Сурет: unsplash
Синоптиктер 5 наурызда елдің сегіз өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының батысында, шығысында тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады таңертең және күндіз екпіні - 15-18 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстік жартысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: