Жаңалықтар тізбегі
0

Премьер-министр Павлодар облысының аса ірі жүйе құраушы кәсіпорындарында болды

үкімет, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2024 18:50 Сурет: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысының кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту барысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысы KSP Steel, "Қазақстан Алюминийі", "Қазақстандық электролиз зауыты", Ақсу ферроқорытпа зауыты және Ақсу электр стансасында болды.

Олжас Бектенов  өңірге жұмыс сапары аясында мұнай-газ саласына арналған жіксіз болат құбырлар, арматура және басқа да өнімдер шығаратын KSP Steel зауытының өндірістік цехтарына барды. Премьер-министр технологиялық процестің ерекшеліктерімен және дайын өнімнің үлгілерімен егжей-тегжейлі танысты.

Бүгінгі таңда KSP Steel – 4,5 мыңнан астам адам жұмыс істейтін болат балқыту секторындағы екінші маңызды кәсіпорын. Негізгі проблемалық мәселелердің бірі – зауыттың толық өндірістік қуатқа шығуы.

Премьер-министр қазіргі уақытта Үкімет отандық өндірушілерді толық өндірістік қуатқа шығару үшін тиісті жағдай жасауға күш салып жатқанын атап өтті. Өз кезегінде, компания қажетті инвестицияларды сала отырып, өндірісті жаңғыртуы және тұтынушылармен тікелей оффтейк-келісімшарттар жасасуға тиіс.

Үкімет басшысы сондай-ақ әлемдегі жетекші алюминий өндірушілерінің бірі "Қазақстан Алюминийі" АҚ қызметімен танысты. Зауытта 30-дан астам металлургтер династиясы еңбек етіп жатыр. Кәсіпорын құрамында Павлодар тұрғындарының 40%-ын жылумен қамтамасыз етіп отырған жылу электр стансасы жұмыс істейді. 

Олжас Бектеновтің айтуынша, қолданыстағы алюминий кластері тек өңір үшін ғана емес, бүкіл республика үшін үлкен маңызға ие.

"Өндірістік өңдеу деңгейін арттыру және экологиялық талаптарды ескере отырып, кәсіпорынды техникалық жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыру қажет", - деді Премьер-министр.

Әрі қарай Үкімет басшысы отандық металлургия флагманы саналатын "Қазақстандық электролиз зауыты" АҚ қызметімен танысты. Кәсіпорын әлемдегі алюминий өндірісі алыптарының ішіндегі үздік ондыққа кіреді.

Олжас Бектенов қосылған құны анағұрлым жоғары отандық өнім шығарудың келешегі зор екенін, сондықтан ел ішінде қайта өңдеу дәрежесін арттыру қажеттігін атап өтті.

Жұмыс сапары аясында Премьер-министр әлемдегі ең ірі ферроқорытпа өндірушілерінің бірі саналатын Ақсу ферроқорытпа зауытында болып, Ақсу электр стансасының энергия блоктарын ауқымды жаңғырту жұмыстарының барысын көрді. 

Қазіргі уақытта ферроқорытпа зауытында пештерді кезең-кезеңімен жөндеуді көздейтін цехтардың бірін жаңарту жобасы іске асырылып жатыр. Нәтижесінде электр энергиясын тұтынуды 25%-ға дейін төмендетіп, пештің өнімділігін 35%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Бүгінде Ақсу электр стансасында энергия блоктарын кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы еліміздің коммуналдық-энергетикалық секторын жаңғыртуды жеделдету бойынша міндет қойған болатын. Осыған байланысты 700 мегаваттан астам қосымша генерацияны енгізу жоспарланып отыр.

Өнеркәсіптік нысандарды аралаған Олжас Бектенов шикізатты одан әрі өңдеу бойынша жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ экономиканы индустрияландыру қарқынын қамтамасыз ету үшін отандық кәсіпорындарға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: