Алматыдағы сауда үйінде өрт шықты

өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.03.2024 13:43 Сурет: видео скрині
Алматы өрт сөндірушілері бутиктерді өрттің тарауына жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары сағат 11:50-де Түрксіб ауданы Сейфуллин көшесі, 9 а мекенжайындағы "Жібек жолы" сауда үйіндегі өртті сөндірді.

4-қабаттағы әкімшілік ғимаратта кеңсе жиһазына таралып, оргтехника жанып жатқаны анықталды.

Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт сағат 12:13-де ауыздықталып, сағат 12:21-де сөндірілді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: