Қосшы қаласының салық қызметкері қарапайым азаматтардың атына несие рәсімдеген

Қосшы қаласының прокуратурасының үйлестіруімен салық органының қызметкерімен жасалған 5 интернет-алаяқтық ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2024 11:09 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қосшы қаласының прокуратурасының үйлестіруімен салық органының қызметкерімен жасалған 5 интернет-алаяқтық ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажеттігін сылтаулатып шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрінде жәбірленушілерге микро-несиелер рәсімдеп өзінің шоттарына аударған." Ақмола облысының прокуратурасы

Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабымен (алаяқтық) қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

"Сондықтан, облыс прокуратурасы азаматтарды барлық ақпараттарды жан-жақты тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржылық операцияларын жүргізу туралы ұсыныстарына сыни тұрғыда қарау қажет." Ақмола облысының прокуратурасы

Бұған дейін 6 серіктестік құрып, олар арқылы 443 миллион теңгеге жұмысты нақты орындамай, қызмет көрсетпей, жалған шот-фактуралар жазып берген Шымкент тұрғыны туралы хабарланғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: