Шымкентте өрт кезінде 22 жастағы жігіт күйіп қалды
Сурет: pixabay
Шымкентте жеке үйде болған өрт кезінде 22 жастағы жігіт қатты күйіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
10 наурыз күні сағат 15:18-де Бибарыс Сұлтан көшесінде тұрғын үйдің шатыры, гараж және ВАЗ автокөлігі өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
"Өрт салдарынан 2002 жылғы жігіт I-II дәрежелі күйік алған. Гипербарикалық оттегімен емдеу орталығының жансақтау бөліміне жатқызылды. Өрт 15:40-та оқшауланып, 16:13-те толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Өрт орнына төтенше жағдайлар департаменті мен Апаттар медицинасы орталығынан 20 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript