Жаңалықтар тізбегі
0

Жауын-шашын, көктайғақ: Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

жауын-шашын, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2024 21:13 Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 12 наурызда елдің 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте таңертең және күндіз нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Алматыда түнде жене таңертең тұман түседі.

Абай облысының күндіз батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстік-батысында екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының күндіз солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында – 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстік-шығысында тұман.

Қостанай облысында қар, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 метрге жетеді.

Павлодар облысында жауын-шашын (көбінесе қар), облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облысының оңтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын болып, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні – 15-20 м/с.

Жетісу облысының солтүстік-батысында, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: