Алматыда "Мечта" тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстары басталды
Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, нысанды бұзуға соттың тергеу жұмыстары 2022 жылдан бері жалғасып келеді.
Тұрғын үй кешенінің өзі тұрғын үйді пайдалану және қызмет көрсету жөнінде нысаналы мақсаты бар жер учаскде орналасқан. Осылайша, жеке тұрғын үй ретінде салынған кешен арқылы құрылыс салушы қала тұрғындарына жалған мәлімет бере отырып, пәтерлерді сатуды жоспарлаған.
Бұған дейін басқарма сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен заңсыз құрылысты бақылауды күшейту бойынша бірлескен жұмыс аясында нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын.
2022 жылдың 1 тамызы күнгі тексеру нәтижелері бойынша тапсырыс берушіге (жеке тұлғаға) қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, әкімшілік шаралар қабылданды және жіберілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді, алайда тапсырыс беруші өз кезегінде оны орындамады.
2022 жылдың 19 қазанында Медеу аудандық сотынанысанды бұзу туралы талап арыз жолданды, соңынан ұзақ мерзімге созылған сот талқылаулары жүргізілді.
2023 жылдың 20 шілдеде Алматы сотының шешімімен нысанды бұзуға талап қанағаттандырылды.
2024 жылы 30 қаңтарда жоғарғы соттың қаулысымен Алматы сотының 2023 жылғы 20 шілдедегі объектіні бұзу туралы қаулысы өзгеріссіз қалды.