Жаңалықтар тізбегі
0

Степногор ауруханасында науқастарға құрттаған тамақ берген

тамақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2024 21:59 Сурет: видео скрині
Степногор қаласындағы ауруханада науқастар құрттаған ас-ауқат ішуге мәжбүр. Тамақтың ішінде жәндік қалқып жүргенін емделушілер ұялы телефонға түсіріп алып әлеуметтік желіге жүктеген. Медицина мекемесін енді санитарлар тексергелі жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балаларымен ем-дом алуға келген аналар түстік сусынды құрт-жәндікпен бірге қайнатқанын көріп шошыған. Олар тек құрты бар сусынға емес, жалпы ауруханадағы тағамға көңілі толмайтынын айтқан. Тамағы дәмсіз болғандықтан, пациенттер ас ішуден бас тартқан. Оған желінбей, тізіліп тұрған тамақ дәлел. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Медицина мекемесіндегі тазалық та сын көтермейтін сияқты. Науқастар аурухананы тексеру керек деп жазба қалдырған. Мұны көрген санитар дәрігерлер "кешіктірмей, тексеріс бастаймыз" деп отыр.

"Аумақ басқармасымен жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі. Ол тексеріс прокуратура органдарына тіркеліп жүргізіледі. Бұған дейін ол тексерілген, жоспарлы түрде, биыл ақпан айында. Аталған факті бойынша ондай бұзушылықтар болған емес"Ақмола облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: