Жаңалықтар тізбегі
0

Ажар Ғиният лауазымды қызметке тағайындалды

Ажар Ғиният, кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2024 20:48 Сурет: gov.kz
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ұлттық балаларды оңалту орталығының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова орталық ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

Ажар Ғиният 1969 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын "дәрігер-педиатр" мамандығы бойынша, 2007 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері" мамандығы бойынша, 2015 жылы Алматы менеджмент университетін "МВА іскерлік әкімшілендіру магистрі" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Атырау қаласының №2 қалалық емханасында учаскелік педиатр болып бастаған.

1994 жылдан 1999 жылға дейін — Ақтау қаласының №1 медициналық санитарлық бөлімінің меңгерушісі, дəрігер-инфекционисті.

1999-2001 жылдары — Маңғыстау жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.

2001-2005 жылдары — Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2005-2006 жылдары — Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры.

2008-2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы, департамент директоры.

2017 жылғы қыркүйектен бастап ҚР Президенті Іс басқармасының Медицина орталығы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2020-2022 жылдары ҚР Денсаулықтау сақтау вице-министрі болды. Ал Денсаулық сақтау министрі болып ол 2022 жылы 11 қаңтарда тағайындалды. 

2024 жылы 6 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен Ақмарал Әлназарова аталған министрлік тізгінін ұстады. Алдында ол сенатор болған еді.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: