Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық құрылтайдың құрметті қонағы Асқар Жұмаділдаев: Атыраудың парқы - мұнай...

Асқар Жұмаділдаев, Атырау, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2024 21:27 Сурет: Facebook/Галия Каражанова
2024 жылы 15 наурызда Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысына құрметті қонақ ретінде қатысқан академик Асқар Жұмаділдаев Атыраудағы интерактивті музейде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін академик, қазаққа, соның ішінде интеллигенция қауымына жақсы танымал Асқар Жұмаділдаев біздің кеңсеге қонаққа келді. Ол - Атырауда өтіп жатқан Ұлттық Құрылтайдың Құрметті қонағы. Интерактивті музейімізді көрді, қатты ұнағанын айтты. Бізге, мұнайшыларға өте жақсы тілегін арнады. "Атыраудың парқы - мұнай. Сендердің үлестерің үлкен" деген сөзін естігенде сондай қуандым. Бұл кісінің сұқбаттарын үнемі оқып, көріп жүретінмін. Күллі қазаққа сыйлы азаматтың біздің кеңсеге арнайы келуі - ембіліктерге көрсетілген құрмет. Бізге арнаған жақсы сөзін осы кітапшаға қалдырды. Не жазғанын білгіңіз келсе, біздің Интерактивті музейге келіңіз" деп жазды Facebook-те Ғалия Қаражанова.

Айта кетсек, 2024 жылы 15 наурызда Атырауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті. Ұлттық құрылтайда Президенттің сөйлеген сөзінің толық мәтінімен мына арадан таныса аласыздар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: