Шуда бес қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

баспана, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2024 14:00 Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі
Күні кеше шулық тұрғындарға тағы бір тамаша тарту жасалды. Наурыз мерекесінің қарсаңында Шу қаласынан 30 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй ел игілігіне берілді.

30 отбасының шаттық шаңырағына айналатын тұрғын үйдің құрылысын Umtylys Invest Compani ЖШС жүргізген. Мұнда 1 бөлмеден бастап, 4 бөлмелі пәтерлер де орналасқан.

баспана, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2024 14:00

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Бұл жобаның бір ерекшелігі – тұрғындар алған пәтерлерінің 30%-ын алдын ала төлесе, қалған бөлігін 5 жылға пайызсыз төлейді. Демек, сіз 10 миллионға пәтер алсаңыз, 3 миллион теңгесін бірден төлеп, қалған 7 миллионын 5 жылдың ішінде үстемеақысыз төлей аласыз. Осылайша, серіктестіктің негізін қалаушы, жеке кәсіпкер Арман Абаев жерлестерімізге пәтерге қол жеткізудің дәл осындай ыңғайлы тәсілін ұсынып отыр.

баспана, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2024 14:00

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Пайызсыз баспана алған Дидар Сандыбайқызы ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. 

"Аллаға шүкір, бүгін кілтті алып жатырмыз. Рақмет. Үйі жоқтарға жұғысты болсын. Қарап шықтым, өте керемет ұнады. Жылы. Ойымдағыдай болды", - дейді баспана иесі.
баспана, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2024 14:00

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Жұртшылыққа қолайлы жоба біраз жанға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: