Алматыда "Көш. Наурыз – думан" театрландырылған керуен жүріп өтті

Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2024 14:30 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Наурыз мейрамын тойлау жалғасып жатыр. Бүгінгі Ынтымақ күні қала көшелерімен "Көш. Наурыз – думан" атты театрландырылған керуен өтті. Оған ұлттық киім киген 1000-нан астам адам қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыр, бүркітші, ақын және басқа да образдағы адамдар қала тұрғындары мен қонақтарын қуантты. Әжелердің шашуы мен ақындардың өлеңі керуенге ажарын аша түсті. Арбадағы киіз үй, қыз күймесі, қоржынға жібек мата мен кілем артқан түйелер, сонымен қатар, қазақ халқының жеті қазына нышандары ұлттың мәдениеті мен дәстүрінің тамыры тереңде екенін еске салды.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Керуен Абай атындағы алаңда басталып, Астана алаңында мәреге жетті, онда бүгін қала тұрғындары мен қонақтары үшін 1000-нан астам артистердің қатысуымен негізгі мерекелік концерт өтеді. 

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, бүгін және ертең қаланың барлық ауданында концерттер мен басқа да мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: