Жаңалықтар тізбегі
0

Президент "Стратегия" әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының басшысын қабылдады

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2024 16:32 Сурет: akorda
Президент "Стратегия" әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы" қоғамдық қорының басшысы Гүлмира Илеуованы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық құрылтай мүшесі, әлеуметтанушы Гүлмира Илеуовамен кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесуде Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерілген мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, жастар арасында құндылықтарды насихаттау, соның ішінде еңбексүйгіштік, техникалық мамандықтарды дәріптеу туралы айтылды. Сонымен қатар Қазақстанды өркендетуге үлес қосатын ұлттық буржуазияны қалыптастырудың өзектілігіне, ұлттың бәсекеге қабілетін арттыру үшін білім культін нығайтуға, инновациялық ойлау жүйесін дамытуға, "Құқықтық тәртіп", "Әлеуметтік әділеттілік" қағидаттарына басымдық берілетін қоғамдық қатынастарды ілгерілетуге назар аударылды.

Гүлмира Илеуова қоғамда кеңінен талқыланып жатқан мемлекеттік рәміздерге қатысты пікірін білдіріп, Елтаңбаға және мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қарым-қатынасына байланысты ұсыныстарын жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: