Жаңалықтар тізбегі
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысын қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2024 14:03 Сурет: akorda.kz
2024 жылдың 18 сәуірінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саха республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Саха (Якутия) Республикасының сан қырлы байланыстары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

"Біз өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастық перспективаларына зор ықыласпен қараймыз. Сіздің Республикаңызға, якут халқына деген құрметіміз ерекше. Қос халыққа ортақ дүниелер көп. Сізбен бірге құрамында іскерлік топтар мен мәдениет өкілдері бар үлкен делегация келгенін айрықша атап өткім келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысын қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2024 14:03

Сурет: akorda.kz

Өз кезегінде Айсен Николаев көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Саха Республикасы мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың жандана түскенін жеткізді

Сондай-ақ ол Қазақстан халқына қолдау көрсетіп, су тасқыны салдарынан туындаған барлық қиындықты тезірек еңсеруге тілектестік білдірді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысын қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2024 14:03

Сурет: akorda.kz

"Біз Қазақстанға Саха Республикасының күндерін өткізу мақсатында келдік. Астана мен Алматы қалаларында мәдени, спорттық, іскерлік бағытта көптеген шара ұйымдастыру жоспарланған", – деді Айсен Николаев.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы, кен өндіру өнеркәсібі, цифрландыру және туризм салаларындағы ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.

Бұдан бөлек, Қазақстан мен Ресей екі елдің өңіраралық ықпалдастығын жан-жақты дамытуға баса мән беретіні атап өтілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: