Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылық онколог тоқ ішек қатерлі ісігінің белгілерін атап берді

Алматылық онколог тоқ ішек қатерлі ісігінің белгілерін атап берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.03.2024 12:01 Сурет: primeminister.kz
Тоқ ішек обыры дер кезінде анықталмаса, ауыр зардапқа әкелетін қауіпті аурудың бірі.

Қатерлі ісіктің бұл түрі тоқ ішек пен тік ішекке әсер етеді және ерлер мен әйелдерде жиі кездесетін үшінші қатерлі ісік түрі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

"Тоқ ішек қатерлі ісігінің белгілері әр түрлі болуы мүмкін, олар ішек транзитінің өзгеруі, нәжістегі қан, іштің ауыруы, шаршау, себепсіз салмақ жоғалтуды қамтиды. Дегенмен бастапқы кезеңде ауру еш белгісіз өтуі мүмкін, бұл ауруды одан әрі қауіпті етеді", - дейді Алматы онкологиялық орталығы эндоскопия бөлімінің меңгерушісі Марат Есенболатов.

Маманның айтуынша, тоқ ішек қатерлі ісігі дамуының негізгі қауіп факторлары тұқым қуалаушылық, дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділіктің болмауы, семіздік, темекі шегу және алкогольді асыра пайдалану.

Тоқ ішек қатерлі ісігінің алдын алу үшін дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, темекі шегуден бас тарту және алкогольді аз мөлшерде ішу сияқты салауатты өмір салтын ұстанған жөн. Сондай-ақ белгілі бір жастан бастап немесе қауіп факторы орын алған кезде жүйелі түрде скринингтік тексеруден өту маңызды. Егер колоректальды қатерлі ісік диагнозы қойылса, ерте медициналық көмекке жүгіну сәтті емдеу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Ісікті хирургиялық алып тастау, химиотерапия және сәулелік терапия бұл аурумен күресудің негізгі әдісі.

"Тоқ ішек обырын дер кезінде диагностикалау және емдеу науқастың өмірін сақтауға, ұзақ жылға денінің саулығы мен белсенді өмір сүруге мүмкіндік беретінін есте ұстаған жөн. Сондықтан денсаулығыңызды дұрыс күтіп, қадағалап, күдікті белгі пайда болғанда дәрігерге көрінуді кешіктірмеу керек", - дейді Марат Есенболатов.

Алматы қаласында онкологиялық көмекті 76 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы көрсетеді, олардың негізгі мақсатының бірі онкологиялық ауруды ерте кезеңде анықтау.

Тоқ ішек және тік ішек қатерлі ісігіне және ісік алды ауруларына скрининг тіркелген емханаңызда 50-70 жас аралығында 2 жылда бір рет колоноскопия жасырын қан анализін алу арқылы жүргізіледі.

2023 жылдың қорытындысы бойынша қала бойынша скринингтік тексеру жоспарының орындалуы 99,6%-ды құрады, соның ішінде тоқ ішек обырына 89 923 науқас скринингтік тексеруден өтті.

Скрининг нәтижесінде тоқ ішек қатерлі ісігінің 46 жағдайы анықталды.

Маман скринингтік тексеруден өтудің маңыздылығы туралы, ерте кезеңде анықталған ауруды емдеу оңайырақ, ал кейбір жағдайда толығымен сауығу мүмкін екенін баса айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: