Жаңалықтар тізбегі
0

Жұмыс пен жеке өміріңнің арасындағы теңгерімді қалай табуға болады

Жұмыс пен отбасыны қалай тең ұстауға болады?, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2024 09:01 Сурет: pixabay
Көбіне жұмыс пен отбасыны тең ұстауға ер адамдарға қарағанда әйелдер тырысады. Қоғамда қалыптасқан түсінікке сай, әйелдер өздерін жұмыс істегендері үшін кінәлі сезінеді.

Жұмыстан үйге келгенде балалардың күтімсіз түрін көргенде, баласының жанында керек кезде бола алмағанда, күйеуі немесе енесінен "отбасыға көбірек көңіл бөлуің керек" деген мәндегі сөздерді естігенде әйел өзін іштей кінәлайды.

Мамандардың пікірінше, әйел адам отбасы мен жұмысты қатар ұстай алады. Ол үшін белгілі бір ережелерді өміріне енгізуі тиіс.

Шын мәнінде балалармен өткізген уақыттың саны емес, сапасы маңызды. Ана үйде, баласының жанында отырса да, оның көңіл-күйі болмай, денесі үйде, көңілі түзде болса, ол уақыт сапасыз болып саналады. Яғни жұмыстан келген соң әр балаға жеткілікті көңіл бөлінсе, ол уақыт сапалы өтті деген сөз. Ана ең алдымен баласымен сапалы уақыт өткізуді өміріне енгізуі тиіс. Отбасымен бірге отырғанда гаджетті мүлде жоғарыға қойып тастап, жүз пайыз балаға көңіл бөлінсе, жағдай өзгеретін болады.

Көбіне мансап қуған әйелдер баланы кедергі деп ойлап, балалы болуды кейінгі орынға ысырып тастап жатады. Алайда дұрыс стратегия құрған жағдайда отбасы мен жұмысты тең ұстау мүмкін.

Сонымен қатар, көптеген зерттеулер жұмыстың отбасылық өмірге тигізетін пайдасын растайды, деп жазады АПҚ (американдық психологиялық қауымдастық). Бірнеше рөлді атқаратын ерлер мен әйелдер көптеген артықшылықтарға ие болады, деп түсіндіреді PhD докторы Розалинд Чейт Барнетт. Ол ерлі-зайыптыларға зерттеу жүргізіп, үйде оң қарым-қатынаста болған ер адамдар жұмыстағы ең кішкентай проблемалар туындаған психологиялық стреске төтеп беретінін анықтады. Ер адам бала күтімімен неғұрлым көп айналысса, оның психологиялық әл-ауқаты соғұрлым жоғары болады және әйелі бақытты болады.

Егер кез келген адам жұмысында да, үйінде де жақсы атмосфераны сақтауға тырысса, бір-біріне сенім білдіріп, үнемі қолдау сөздерін айтып тұрса, бір-біріне алғыс білдірсе, ешқандай мәселе туындамайды.

Отбасы кез келген жұмыстан маңызды екені ақиқат. Неге? Егер ерлі-зайыптылар отбасына емес, мансапқа көбірек көңіл бөлсе, бұл ерлі-зайыптылардың жеке қарым-қатынасына, балалардың денсаулығы мен әл-ауқатына теріс әсер етеді, деп ескертеді философия докторлары Стюарт Фридман мен Джеффри Гринхаус. Карьеристердің балаларында мінез-құлық проблемалары көп және мектепте нашар оқиды. Жұмысты ата-аналар физикалық және психологиялық тұрғыдан қол жетімді болатындай етіп құру керек.

Ең алдымен мінсіз ата-ана болуға ұмтылмаған жөн. Ең мықты, ең әлсіз қабілеттеріңізді саралап көруге кеңес береді мамандар. Одан бөлек, әсіресе ананың сабырлы болғаны дұрыс, өйткені махаббатқа шомылып өскен бала ата-анасына өз махаббатын бере алады. Көптеген психологтар үйге келген соң әр балаға 40 минуттай жеке-жеке көңіл бөлу керектігін айтады. Бұл уақытта бүкіл шаруаны ысырып қойып, тек баламен айналысу керек. Тіпті жұмыстан шаршап келсеңіз де бұл дәстүрді бұзбаңыз, дейді мамандар. Көбіне жұмыс істейтін аналар іштей өздерін кінәлі сезініп жүретінін айттық. Алайда бұл сезімнен бас тарту керек. Оның орнына түрлі ойындар ойлап тапқан жөн.

Вознесендік собордың психологы, когнитивті психотерапевт Виктория Левинаның пікірінше, кез келген адам жұмыс пен отбасыны тең ұстай алады.

"Егер ер мен әйел қатар жұмыс істеп, бірге ақша тапса, үй тірлігі де солай тең бөлінуі тиіс. Бұл жерде отбасы ішінде Конституция болуы тиіс, яғни, жанұядағы адамдар міндеттерді теңдей бөліп алады. Егер бала ересек болса, оған да белгілі бір міндеттерді жүктеуге болады. 50-60 жыл бұрын кір жуатын машина, шаңсорғыш сияқты техникалар болмағанда әйелдер кірді қолмен жуған, әйелдің күші бәріне жеткен. Қазіргі таңда көбі жеңілдетілген. Егер орта статистикалық отбасын алатын болсақ, ол үйде кір жуатын машина, шаңсорғыш, еден жуатын сұйықтық сияқты қажетті құралдар болса, отбасы болып жиналып отырып, өзара міндеттерді бөліседі. Мысалы, еркек шаң сорады, балалар өз бөлмелерін жинайды, әйел кір жуады, тамақ кезек-кезекпен істеледі деген сияқты", - дейді психолог.

Мейіргүл Оңғарова

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: