Жамбыл облысында құны 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдерінің ірі партиясы анықталды

темекі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2024 18:18 Сурет: ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі
ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан-Қырғыз шекарасында контрабандалық жүкті тасымалдаудың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 23 наурызда "Айша бибі" автомобиль өткізу пунктінде Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті алдын ала бағалау құны 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдерінің ірі партиясын анықтады.

Аталған тауар азық-түлік түрінде тасымалданып, ілеспе құжаттары болмаған.

Ұсталған жүк тергелуі бойынша әрі қарай іс жүргізу үшін экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: