Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер еліміздің төрт өңірінде су тасқыны қаупі әлі сақталып отырғанын ескертті

Су тасқыны, синоптиктер, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2024 17:45 Сурет: ҚР ТЖМ
"Қазгидромет" РМК 31 наурызда Қазақстанның бірнеше өңірі бойынша дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер су тасқыны қауіпі еліміздің төрт облысында әлі де сақталатынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы 1-5 сәуір аралығында күндіз ауа температурасының жоғарлауы, жаңбыр түріндегі жауын-шашынның болуы және қардың қарқынды еруіне байланысты су деңгейінің көтеріліп, өзен-су қоймаларында сең жүруі мүмкін. Ақтөбе мен Ақтөбе облысындағы барлық өзен кенері белгіленген деңгейден асу қаупі бар. Ескерту: белгіленген межеден асқан кезде өзен ағысы бойынша төмен орналасқан елдімекендерді, шаруашылық нысандары мен тас жолдарды су басу қаупі туындауы мүмкін.

2024 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында күн райының күрт жылынуы, аралас жауын-шашынның түсуі салдарынан қар суы Ақмола облысы бойынша өзендер ағысы бойымен қарқынды жүреді. Атап айтқанда, негізінен Көкшетау, сондай-ақ Астрахан, Сандықтау, Атбасар, Жақсы, Есіл, Жарқайың, Шортанды және Зеренді аудандарын қызыл су жайлайды деп күтіледі.  Бұл ретте су деңгейінің белгіленген мөлшерден асу қаупі сақталады, сондай-ақ елдімекендер мен шаруашылық нысандарды су басу қаупі жоғары. 

2024 жылы 30 наурыз бен 1 сәуір аралығында қатты жауын-шашынға байланысты Жетісу облысының таулы аудандары мен тау бөктеріндегі аймақта сай-салаға су толып, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Елдімекендерді су басу қаупі жоғары. Ескерту: өзендегі су кенерінен асқанда жайылмалы учаскелерде орналасқан елдімекендерді, шаруашылық нысандары мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы ауданы мен тау бөктеріндегі аумақта болатын қатты жауын-шашынға байланысты 2024 жылы 30-31 наурыз аралығында өзендерде еңіс ағынымен су тасқыны жүреді, су деңгейі көтерілуі мүмкін, мұндай жағдайда тас жолдарды, елдімекендерді және шаруашылық нысандарын қызыл судың басу қаупі жоғары.

31 наурызға жарияланған дауылды ескерту:

Түнде Алматы облысының оңтүстігінде аракідік қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады, облыстың таулы аудандарында қар жауады деп күтіледі. Облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман болады. Желдің екпіні кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Алматыда түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды деп күтіледі. 

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Желдің екпіні - 15-20 м/с.

Астанада түнде көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде аздап қар жауады, күндіз қар аралас жаңбыр, көктайғақ болады деп күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Петропавлда түнде аздап қар жауады, күндіз қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады деп күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында аздап қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады деп күтіледі. Желдің екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады деп болжанады. 

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және облыс орталығы - Орал қаласында да тұман болады деп күтіледі.

Түнде Түркістан облысының тауларында тұман болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: