Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы: зардап шеккен азаматтардың шығыны толық өтеледі

Президент құзырлы мемлекеттік органдарға және облыс әкімдеріне бірқатар тапсырма берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2024 14:19 Сурет: aqorda.kz
Президент су тасқыны мен өртке қатысты жағдайдың жыл сайын қайталанатынын баса айтып, жауапты органдардың жұмысын сынады. Сонымен қатар, азаматтарға алаңдамау керектігін, мемлекет пен кәсіпкерлер барлық шығынды өтеп беретіндігін айтты ,- деп хабарлайды Zakon.kz

Мемлекет басшысы 2024 жылдың 1 сәуірінде өткен республикалық штаб отырысында су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың барлық шығыны өтелетіндігін айтып, елдегі кәсіпкерлерге материалдық көмек беруге үндеу жасады.

"Су тасқынынан зардап шеккен адамдарға тиісті барлық көмек көрсетілсін. Бұл мақсатқа Үкіметтің және әкімдіктердің резервін ғана емес, "Қазақстан халқына" қорының қаржысын да пайдалану қажет. Осындай жауапты сәтте еліміздегі бизнес өкілдерін халыққа қол ұшын созуға шақырамын."
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Сонымен қатар, жауапты органдар мен салалық қызметтердің (Қазсушар, Қазгидромет) жобалау, сараптама жасау жұмыстары нашар ұйымдастырылғанын айта отырып, елімізге дағдарыс жағдайларын болжаудың нақты тетігі өте қажет екендігін айтты.

"Су тасқынын көргенде, көктен түскендей абдырап қалдыңыздар. Осы ретте еліміздің шығыс өңірлеріндегі су тасқынын модельдеу жөніндегі ТЖМ мен "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясының бірлескен жұмыс тәжірибесін қолдануға болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еліміздегі өңір басшыларына да алдағы уақытта болу мүмкіндігі жоғары өрт немесе басқа да табиғи апаттардың алдын алуды және дайын болуды тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: