Жаңалықтар тізбегі
0

Цифрлық даму министрлігі zaimer.kz-тегі деректердің жаппай бұзылуына байланысты мәлімдеме жасады

Цифрлық Даму Министрлігі zaimer.kz-тегі деректердің жаппай бұзылуына байланысты мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2024 17:00 Сурет: freepik
2024 жылдың 2 сәуірде Цифрлық даму министрлігі "МҚҰ "Робокэш.кз" ЖШС ұйымына қатысты жүргізген тексеріс қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz

2024 жылы 5 наурызда "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ (МТҚ) zaimer.kz ("МҚҰ "Робокэш.кз" ЖШС) микроқаржы ұйымының клиенттері саналатын қазақстандықтардың 2 млн-нан астам жеке деректерінің таралуы анықталған болатын.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ азаматтарға дер кезінде Egov Mobile мобильдік қосымшасына және Egov порталының жеке кабинетіне таралып кеткен дербес деректер алаяқтардың қолына түспеу үшін тиісті хабарламалар мен ұсынымдар жолдады.

Бүгінгі таңда аталған фактіге қатысты министрлікке азаматтардан 5200-ден астам өтініш келіп түскен.

Министрліктің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, "Robokesh.kz" "МҚҰ" ЖШС-не Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтауына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.Тексеру қорытындысы бойынша әкімшілік іс қозғалып, "МҚҰ Robokash.kz" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1000 АЕК мөлшерінде, жеңілдетілген тәртіпте, "МФО Robokash.kz" ЖШС әкімшілік айыппұл салынды, ҚР ӘҚБтК-нің 79-бабының төртінші бөлігіне сәйкес 500 АЕК (1 846 000 теңге) көлемінде айыппұл төленді.ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Сонымен қатар министрліктің мәліметінше, азаматтар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 951-бабына сәйкес дербес деректердің таралуынан келтірілген материалдық немесе моральдық зиянды өтеу туралы мәселені қарау үшін азаматтық сотқа жүгінуге құқылы.

Egov Mobile қосымшасында несие алуға уақытша шектеулер қызметін пайдалануды, сондай-ақ мына сілтеме бойынша Министрліктің веб-сайтында орналастырылған киберқауіпсіздік және жеке деректерді қорғау бойынша ұсыныстармен танысуыңызды сұраймыз.ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес деректерді жинау және өңдеу, субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылатынын, министрлік ресми сайтында атап өтті.

"Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға дербес деректерді қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдауға міндетті".ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Киберқалқан-2 тұжырымдамасы аясында киберқауіпсіздік бойынша ұсыныстар әзірленді.

Цифрлық гигиена – бұл желіде қауіпсіз болуға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар жиынтығы.

Деректеріңізді қорғауға көмектесетін бірнеше қарапайым кеңестер:

  1. Күрделі құпия сөздерді пайдаланыңыз және әртүрлі тіркеулік жазбаларда бірдей құпия сөзді пайлаланбаңыз. Бұл сіздің жеке ақпаратыңызға рұқсатсыз кіруді болдырмауға көмектеседі.
  2. Құрылғыдағы бағдарламалық құралды жаңартып отырыңыз, өйткені жаңа нұсқаларда қауіпсіздік түзетулері жиі болады. Бұл сізді ықтимал хакерлік шабуылдардан қорғайды.
  3. Күдікті хабарларға жауап бермеңіз немесе белгісіз жіберушілердің сілтемелерін ашпаңыз. Бұл сіздің құрылғыңызға зиянды бағдарламаның орнатылуына әкелуі мүмкін.
  4. Вирустардан және басқа қауіптерден қорғау үшін антивирустық бағдарламалық құралды пайдаланыңыз. Бұл құрылғыңызды зиянды бағдарламалардан қорғауға көмектеседі.
  5. Жеке ақпаратыңызды бейтаныс сайттар мен қолданбаларда енгізбеңіз. Жеке ақпаратыңызды енгізбес бұрын сайттар мен қолданбалардың беделін тексеріңіз.
  6. Тіркеулік жазбаларды қорғау үшін екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз. Бұл сіздің тіркеулік жазбаларыңызға рұқсатсыз кіруді болдырмауға көмектеседі.
  7. Әлеуметтік желілердегі және басқа да онлайн қызметтердегі құпиялылық параметрлерін тексеріңіз. Бұл сіздің жеке ақпаратыңыз оны берген адамдар үшін ғана қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: