Алматы әуежайында жалған төлқұжат ұсынған шетелдік бірден депортацияланды
Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
Алматы әуежайында 4 сәуірде ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері жалған төлқұжат ұсынған шетелдікті ұстап, бірден елден депортациялады, деп хабарлайды Zakon.kz
2024 жылғы 4 сәуірде Алматы қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері паспорттық бақылау жүргізу кезінде Бразилия азаматының жалған төлқұжатын ұсынған шетелдікті ұстады.
"Аталған адамды жеке тінту кезінде аяқ киімнің табанына жасырылған жасанды төлқұжат табылды және алынды.",- делінген ведомства ақпаратында.
Нәтижесінде шетелдік азамат депортацияланды.
Еске сала кетейік, 2 сәуірде Шымкентте бір мезгілде 815 шетелдік елден шығарылған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript