Жаңалықтар тізбегі
0

Неліктен биобелсенді қоспаларды дәрігердің тағайындауынсыз қабылдауға болмайды

Неліктен биобелсенді қоспаларды дәрігердің тағайындауысыз қабылдауға болмайды?, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2024 15:59 Сурет: pixabay
Көктем көбінесе адамның әлсірейтін уақыты. Дәл осы мезгілде әртүрлі биологиялық белсенді қоспалардың сатылымы арта түседі. Витаминдерді бақылаусыз қабылдаудың қандай қаупі бар. Бұл турады Алматы диетологтар мен нутрициологтар қауымдастығының президенті Лилия Карпусевич айтып берді.

Сарапшының айтуынша, қазіргі уақытта биологиялық қоспалар адамға аса қажет. Оларды жаңа піскен көкөністерден жасалған салаттармен алмастыру мүмкін емес – олар қоректік құрамы жағынан нашар.

"Егер адамда әлсіздік, иммуниттің төмендеуі байқалса және мұның бәрі тұрақты негізде болса, мәселе витамин тапшылығында болмауы мүмкін. Бұл жағдайда эндокриндік бұзылулар, ішек проблемалары, патогендік флора және паразиттік жүктеме болуы мүмкін", – дейді Лилия Карпусевич.

Оның айтуынша, биологиялық белсенді қоспаларды қабылдау алдында ағзаға қандай дәрумендер қажет екенін анықтау үшін анализ тапсыру керек. Егер адамда нақты патологиялар болмаса, ол кем дегенде мынандай анализдерден өтуі керек: ТТГ, еркін T3, еркін T4, тиреглобулинге антиденелер, тиреопероксидазаға антиденелер. АЛТ, АСТ, билирубин, инсулин, глюкоза, гликирленген гемоглобин, жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі міндетті түрде қаралуы керек.

Лилия Карпусевич аталған талдау нәтижелерімен иммунолог, терапевт немесе нутрициолог маманға жүгінуді ұсынады. Әйтпесе, витаминдер зиян тигізуі де мүмкін.

"Жақында мен өзімнің әлеуметтік желідегі парақшамда бір қыздың D3 витаминін сатып алғаны және оның созылмалы кандидозы болғанын жаздым. Ол кандидозды қоздыратын қоспасы бар витамин сатып алған", – дейді Карпусевич.

Тағы бір қауіп – витаминнің формасын дұрыс таңдамау. Ол барлық нәтижелерді жоққа шығарып қана қоймай, зиян тигізуі де мүмкін.

"Мысалы, темір препараттары. Көбіне адамдар өздеріне тамызғыларды тағайындап жатады, салдарынан иммунитет төмендейді, темірді көп тұтынудан онкологиялық аурулардың қаупі артады. Маман мынаған назар аударуы керек: егер адамда В9 немесе В12 витаминінің жетіспеушілігі болса, ол қанша тұтынса да темір сіңірілмейді", – деп толықтырды нутрициолог.

Сол себепті сарапшы адамдарға өзін-өзі емдеумен айналыспауға кеңес береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: