Өз ақшасына жол "жамағандардың" видеосы: Талғар қаласының әкімдігі түсініктеме берді
Сурет: pixabay
Алматы облысы Талғар қаласының тұрғындары көшедегі жолдарды өз бетімен жөндеуге бел шеше кірісті. Мұның видеосы желіде тарап, жергілікті әкімдік үн қатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеодан қаланың орталық көшелерінің біріндегі шұңқырларға ер адамдар күрекпен қиыршық тастар лақтырып, жолды "жамап" жатқанын көруге болады.
Видео сипаттамасында олар өз қаражатына жолды жөндеп жатқандығы жазылған.
"Жыл сайын Талғар ауданында жол жөндеу жұмыстарына бюджеттен мол қаражат бөлінеді. Билік бұл ақшаны "жәукемдеп" жатқанда, жергілікті тұрғындар ұңғыл-шұңғыл жолмен жүріп, тіпті оны өз ақшасына да жөндеуге мәжбүр. Тағынан бір таймайтын автожол бөлімінің басшысына, сәлем", делінген жазбада.
Талғар аудандық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі аталған тұрғындар су құбырын өз бетімен жүргізіп, кейін көшедегі жолды өз қаражатына жөндегенін нақтылады.
"Өз тарапымыздан Талғар қаласы көшелерінде жөндеу жұмысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама дайын екенін хабарлаймыз. Бірақ оның көпшілігінде Талғар қаласының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу жобасы (1,2,3,4-кезеңдер) бойынша су құбырын ауыстыру күтіліп отыр. Жұмыс қаржы бөлінген соң басталады" деп ҚазАқпарат Талғар аудандық әкімдігінің сөзін келтіреді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript