Жаңалықтар тізбегі
0

Олжас Бектенов: Қазір күш біріктіруіміз қажет

Олжас Бектенов: Қазір күш біріктіруіміз қажет, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2024 09:02 Сурет: primeminister.kz
Олжас Бектенов Петропавлда Есіл өзені арнасынан асып кеткен жағдайда қаланы және жақын маңдағы елді мекендерді су тасқынынан қорғауға арналған бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысы Тепличное және Кожевенная ауылдарындағы қорғаныш үйінділерінің жағдайын қарап, 2017 жылғы су тасқынынан кейін жүргізілген жұмыстардың есебін тыңдады.

Қазіргі уақытта Сергеев су қоймасындағы су деңгейінің жоғарылауын ескере отырып, қолданыстағы бөгеттерді нығайту және олардың ұзындығы мен биіктігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Олжас Бектенов: Қазір күш біріктіруіміз қажет, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2024 09:02

Сурет: primeminister.kz

Жалпы, қарғын суды өткізу үшін автожолдарда жол төсемін аршу жұмыстары 6 рет жүргізілді. Баламалы бағыт қарастырылып, белгілер қойылып, кезекшілік ұйымдастырылған. Су тасқыны кезеңі басталғалы бері елді мекендердің көшелері мен аула аумақтарынан 440 мың м3 су сорылды. 165 шақырымнан астам арық тазартылды, 2.7 шақырым каналдар кеңейтіліп, тереңдетілді.

Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау шаралары мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы тұрғындар сұрақтарына жауап берді, еріктілер мен сарапшыларға көрсеткен көмектері мен қолдаулары үшін алғысын білдірді.

Олжас Бектенов: Қазір күш біріктіруіміз қажет, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2024 09:02

Сурет: primeminister.kz

Үкімет басшысы тартылған қосымша күштер мен техниканы ескере отырып, бөгеттерді нығайту жұмыстарының қарқынын жеделдету, оның ішінде биіктігін арттыру қажеттігін атап өтті.

"Жұмысқа жеке құрам мен Ұлттық ұлан жұмылдырылды. Полк те күшейтіледі. Қорғаныс министрлігі қосылды, сондықтан күш жеткілікті болуы керек. Қазір күш біріктіруіміз қажет. Алдағы 2-3 күнде ауыр зардаптардың алдын алу үшін көп жұмыс істеу керек. Ең алдымен адамдар зардап шекпеуі маңызды", — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазіргі таңда су тасқынына қарсы іс-шараларға әкімдіктің, ПД, Ұлттық ұлан бөлімшесінің және жеке ұйымдардың 1432 қызметкері, 1200 ерікті қатысуда. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша бүгін Қорғаныс министрлігінің 300 әскери қызметшісі келді. Осылайша барлығы 3000-ға жуық адам жұмылдырылды.

Олжас Бектенов: Қазір күш біріктіруіміз қажет, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2024 09:02

Сурет: primeminister.kz

Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр да осында. Жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: