Антикор Жамбылдық екі полиция подполковнигін ұстады

Антикор Жамбылдық екі полиция подполковнигін ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2024 12:48 Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы 9 сәуірде Қазнетте пара алған Жамбыл облысының екі полиция подполковнигін тұтқындалғаны жайлы ақпарат пайда болды. Антикор мәліметті растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпарат egovpress Telegram арнасында жарияланды:

"Кейбір дереккөздер Жамбыл облысының екі полиция подполковнигі Қожабеков Бауыржан мен Шонбасов Ғалымжан есірткі бойынша азаматты қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін пара алған кезінде ұсталған дейді. Олар есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл саласында басшылық қызметтер атқарқан көрінеді".

Редакция ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне түсініктеме алу үшін жүгінді.

"Иә, Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы полиция департаментінің ауданаралық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастықтарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растаймыз. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: